Арыс-Шардара тасжолындағы апаттан 5 адам мерт болды

Оңтүстікте жол апатын жасап, қашып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Арыс-Шардара тасжолындағы апаттан 5 адам мерт болды13 қараша күні Шымкент-Арыс-Шардара тасжолында Камаз жүк көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Фольцваген ПАссат көлігімен соғысқан. Соның салдарынан жеңіл көлікте отырған 5 жолаушы мерт болды. Олар Отырар және Ордабасы ауданының тұрғындары. Араларында екі мектеп оқушысы мен екі студент қыз бар.

Осы Пассат көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Тергеушілер марқұмдардың Шардара қаласында бара жатқан өнерпаздар екенін анықтады. Ал Камаздың жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Іздестіру нәтижесінде Арыс ауданының полицейлері оны қолға түсірді. Сараптама нәтижесінде 57 жастағы кісінің жол апатын жасаған кезінде орта дәрежелі мас екені анықталып отыр. Қазір қылмысты іс қозғалып, тергеу жалғасуда.

Қазір ғана белгілі болған ақпарат, ауруханаға түскен Фольцваген көлігінің жүргізушісіне операция жасалды. Ордабасы ауданының тұрғынының бауырына дәрігерлер күрделі ота жасаған. Қазір оның халі тұрақты деп баға беріп отыр дәрігерлер. Бұл жігіт Камаз жүк көлігі жаншып кеткен жеңіл көліктің рөлінде болған еді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР