Егеуқұйрықтарды улау жұмыстары 10 қарашада басталады

203
егеуқұйрықтар көбейді
егеуқұйрықтар көбейді
егеуқұйрықтар көбейдіегеуқұ

Бүгін белгілі болғандай, Шымкентте егеуқұйрықтарды дәрілеу жұмыстары 10 қарашадан басталатын болды. Оны қай мекеменің жасайтыны мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы анықталды.

Жеке кәсіпкер Ермек Әбдірәсілов «Бром БД» дәрісімен атжалмандарды залалсыздандыру жұмысын жүргізбек. Қала бюджетінен бұл мақсатта 14 млн теңге бөлінген. Жоспарға сай, алдымен көп қабатты үй аулаларындағы қоқыс алаңшалары, өзен-су көздері және Ақтас елдімекеніндегі үлкен қоқыс алаңы дәріленбек.

Еске сала кетсек, шаһардағы көп қабатты үй аулаларында егеуқұйрықтар көбейіп кеткеніне тұрғындар біраз уақыттан бері алаңдаулы. Ал залалсыздандыру жұмыстарына қаржы биыл ғана бөлінді.

Нұрлан Жаңабай