Эпилепсияны емдеудің мүмкіндігі артпақ

3359
Эпилепсияны емдеудің мүмкіндігі артпақ
Фото: //epi-lepsy.ru

Эпилепсияны емдеудің жаңа тәсілі қажет. Халық арасында қояншық деп аталып кеткен бұл сырқаттың замануи тұрғыда айығу жолдары маңызды. Осыны ескерген облыстық клиникалық аурухана басшылығы Петрухин Андрей мен Мухин Константин сынды білікті неврологтарды Ресейден арнайы Оңтүстікке шақырды. Шетелдік мамандар күнгейлік ақ халаттыларға екі күні бойы дәріс өткізіп, эпилепсияны емдеудегі басты қағидаларды үйрететін болады.

Эпилепсияны емдеудің мүмкіндігі артпақ
Фото: //epi-lepsy.ru

Эпилепсия ауруы. Халық арасында қояншық деген атаумен белгілі. Бұл дерттің тұқым қуалайтын және жүре пайда болған түрлері бар. Қазақстанда аталған аурумен күресіп келе жатқан жандар қаншама? Өкінішітісі, оларға медициналық көмек берудің жағы ақсап тұр. Мұны осы саланың басы-қасында жүргендер де мойындайды.

Назира Асанқызы, облыстық клиникалық аурухананың неврология бөлімінің меңгерушісі: «Біздің елде дұрыс емделудің менталитеті қалыптаспаған. Яғни, көбісі эпилепсия ауруын қояншық деп, жай қарайды. Тіпті емдеуге келмейді. Сондықтан невропотологтарға дер кезінде нақты диагноз қою қиынға соғады. Жасырын емес, өңірде бұл дертке шалдыққандардың жартысынан астамында ауру асықынып кеткен. Соның салдарынан мұндай науқастар жүйке аурулар диспансеріне есепке алынады.»

Ғалымдардың соңғы зерттеуі бойынша талма ауруының 40-тан астам түрі бар. Осы уақытқа дейін науқастарды психиатр мамандар қабылдаса, қазір неврологтар бақылауына алады. Айта кетейік, Қазақстанда эпилепсия дертіне шалдыққандардың да саны 25 мыңға жуық. Министрліктің дерегі бойынша, жылда бұл дертпен 9 мыңнан аса адам есепке алынады. Бірақ, ауруын жасырып жүргендер қаншама. Соның салдарынан эпилепсияны емдеу және диагноз қою дәрігерлер үшін күрделі меселеге айналған. Сондықтан, ресейлік неврологтар осы тұста тәжірбиелерімен бөлісіп, емдеу жолдарын үйретпек.

Петрухин Андрей профессор, РҰМУ-нің неврология кафедрасының меңгерушісі: «Эпилепсия ауруына диагноз қою күрделі. Бұл ауру алғашқы сатысында жай талма ауруы сынды көрінуі мүмкін. Міне, осы бастапқы кезеңде науқасқа нақты диагноз қойылып, емдеу жолдары қолға алынса, науқасты психикалық ауытқудан аман сақтап қалуға болады.»

Расында да талма ауруын емдеуде отандық дәрігерлердің шетелдік әріптестерінен үйренетін тұстары көп. Тәжірибе алмасу барысында жаңа технологияларды меңгеріп қана қоймай, науқасқа дер кезінде диогноз қою тәсілдерін үйренуге болады дейді дәрігерлер.  Көбіне халық қояншықты ауру емес, тағдыр ретінде көретіні алаңдатады. «Тағдырдың жазғаны» деп жатады көпшілік. Бірақ, бұл пікір қате дейді мамандар. Сондықтан науқасты тексерту, емдету – аса маңызды. Ең бастысы, ұмытпаңыз – бұл дертті дер кезінде анықтаса, 70 пайызға дейін емдеуге мүмкіндік бар. Дәрігерлердің қорытындысы осындай.

Жарнама негізінде.