//
Көлік прокурорлары жолаушы тасымалдаушылардан заң бұзушылықтар әшкереледі Жаңалықтар 

Көлік прокурорлары жолаушы тасымалдаушылардан заң бұзушылықтар әшкереледі

Оңтүстік Қазақстан облысы арқылы халықаралық бағытқа жолаушы тасымалдаумен айналысатындар тиісті талаптарды сақтамайды. Шымкент қалалық көлік прокуратурасының өкілдері полиция қызметкерлерімен бірге ұйымдастырған рейд кезінде Қытайға, Бішкек және Ташкент қалаларын бетке алған көліктер тоқтатылып, тексерілді.

Көлік прокурорлары жолаушы тасымалдаушылардан заң бұзушылықтар әшкереледі

Нәтижесінде жүргізушілерден бірқатар заң бұзушылықтар анықталып отыр. Кейбірі тексеру кезінде орындықтарды жатын төсектерге қолдан алмастырып алған болса, енді бірінің көлігі техникалық байқаудан өтпегені де анықталды. Құзырлы орган өкілдерінің мәліметінше, соңғы екі айдың ішінде өңірімізде 20 адамның қазасына алып келген 3 факті болды. Себеп – осындай заңсыз тасымалдаушылардың және көліктердің техникалық ақаулары.

Көлік прокурорлары жолаушы тасымалдаушылардан заң бұзушылықтар әшкереледіСейдахмет Мүсіров, Шымкент көлік прокуратурасының аға прокуроры: “Шымкент көлік прокуратурасымен ішкі істер департаменті бірлесе атқарған іс-шаралар нәтижесінде біздің өңір арқылы өтетін, заңсыз халықаралық тасымал ұйымдастырған тасымалдаушылар анықталып, оларға шара қолданылу үстінде. Қазіргі таңда осы рейдтің нәтижесінде бірқатар заңсыз тасымалдаушылардың жұмыстары әшкереленіп, оларға әкімшілік шара қолданамыз.”

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz