Күн суытқалы «ҚазТрансГаздың» бригадаларында тыным жоқ

230
Күн суытқалы

Күн суытқалы бері газ өшті деп хабарласып, шағымданған тұрғындардың қатары артты. Егер алдағы аптада Пахтакор, Ақжайық, төменгі және жоғарғы Отырардың тұтынушылары арызданса, енді Коммунизм және Хамза бөлімшелеріндегі жеке сектордағы тұрғындар көгілдір отынға жарымай отырғандарын айтып, шағымдануда.

Бауырластар көшесінің тұрғындары түні бойы табиғи газды аңдумен болдық дейді. Түн ішінде қосылып қалса, иістеніп қалмайық деп, қолдан келген амалдың бәрін жасағанын айтады. Хусановтар отбасы көгілдір отынның түнгі 4-терде сөніп қалғанын да сезбеген. Таңертең ғана көгілдір отынды қосуға әрекет жасай бастапты.

Күн суытқалы "ҚазТрансГаздың" бригадаларында тыным жоқ

Дилорамның көршісі Светлана газды қосамын деп жүріп жарақат алған. Қазір ол ауруханада. Күн суытқаннан бері жүйеде газ жиі өшіп, әлекке түскен тұрғындар 104 нөміріне түсудің өзі қиямет болды деп ашынады. Газ шаруашылығы қызметіндегі автожауап қызметі жығылғанға жұдырықтай болды дейді тұтынушылар.

Тұрғындар барлық былық жаңаланған газ жүйесінде деген болжам жасауда. Бұрынғы аспалы құбырымыз жақсы еді, еш күрделіксіз газды тұтынып келген едік дейді олар.

104 нөміріне хабарласып, тапсырыс бергендерге газ шаруашылығы мамандары келіп, жүйені қосып беруде. Жалпы, күн суытқаннан бері «ҚазТрансгазАймақ» ОҚӨФ қызметі арнайы кестеге сәйкес жұмыс істеуде.

Қалыптасқан жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтау, табиғи газбен қамтамассыз етудегі күрделіктер жайлы газ шаруашылығының мамандары 29 қарашада өтетін баспасөз мәслихатында баяндайды деп уәде берді.