Мамандар газдың өшу себебін түсіндірді

459
Мамандар газдың өшу себебін түсіндірді

Шымкентте шұғыл желіге газ өшті деп хабарласып, шағымданған тұрғындар саны күн сайын 200-ге жетеді екен. «ҚазТранс Газ Аймақ» акционерлік қоғамы облыстық филиалының өкілдері мен тұрғын үй-коммуналды шаруашылық саласының мамандары бүгін осынау мәселеге қатысты баспасөз жиынын өткізді. Жауаптылар соңғы кездері газдың жиі сөніп қалуының себебін түсіндірді.

Мамандар газдың өшу себебін түсіндірді

Газ таратушылар күн райы өзгергелі қаладағы 170 мың тұтынушының 1,5 пайызы газ түйткілдеріне тап болған дейді. Мамандар газдың жиі өшіп қалуын құбырларда ауа температурасының бірден суып кетуінен ылғал пайда болып, қатып қалуынан деп отыр.

Газдың өшіп қалуы көбіне Шымкенттегі Қайтпас, Ақжайық, Самал-1, Жоғарғы Отырар шағынаудандарындатір келуде. Күн суытқалы күніне тұрғындардан 200, кейде, тіпті, 500-ге дейін арыз-шағым түседі дейді газ шаруашылығының мамандары. Айтуларынша, қазір жедел қызмет күшейтіліп, жұмысшылар тәулік бойы шұғыл шақырылымдарға шығуда.

Мамандар газдың өшу себебін түсіндірді

Газ жүйелеріндегі осындай олқылықтарды болдырмас үшін келер жылы өңірде газ-техникалық инспекциясы жұмыс істейтін болады. Жауаптылар қазір қызметті іске қосу үшін тиісті құжаттар жасалып жатыр дейді.

Алайда жауаптылар қыс қаһарына мінгенде мұндай жағдайлардың орын алмайтынына еш кепілдік бере алмай отыр. Қалай дегенмен, газды өз бетінше қосуға әрекет жасауға асықпау қажет. Мамандар көмегіне жүгінбей, өз бетіңізше жасаған әрекетіңіз орны толмас қайғылы жағдайларға әкеп соғуы мүмкін деп ескертеді газ таратушылар.