Мемлекеттік баспанаға құжат қабылданады

Шымкентте «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы арқылы пәтер алып беремін деп жұртты сазға отырғызып кеткен алаяқтардың бары мәлім болды

Баспана кезегінде тұрғандар назарына! Шымкентте «Қазақстанның тұрғын үй құрылысы-жинақ банкі» мен «Самұрық-Қазына» қоры тарапынан берілетін пәтерлерге құжат қабылдау басталды.

«Тұрғын үй құрылысы-жинақ банкі бойынша әкімшілік-іскерлік орталықтағы 9 қабатты, 216 пәтерлі үйге құжат 28-29 қараша күндері, ал «Самұрық-Қазына» қоры арқылы Тұран шағынауданы 321 пәтерлі үйге құжаттар 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында қабылданады.

Өтінімдердің «E-gov» порталы арқылы тіркелуін әр қатысушы өзінің электронды-санды қолтаңбасы арқылы қамтамасыз етеді. Құжат қабылдау бойынша кеңес халыққа қызмет көрсету орталығында немесе Шымкент қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінде — Желтоқсан көшесі, 18-үй, №203 кабинетте беріледі.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР