You are here
ОҚО ІІД қазақ тілінің мұғалімі Шымкент қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды Жаңалықтар 

ОҚО ІІД қазақ тілінің мұғалімі Шымкент қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды

Шымкент қаласында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен форумда ОҚО ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының мұғалімі Оспан Ақбота марапатталды. Мұғалімге «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі» тақырыбында жазған үздік мақаласы үшін Шымкент қаласының әкімінің алғыс хаты табысталды.

ОҚО ІІД қазақ тілінің мұғалімі Шымкент қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды

Форумның негізгі мақсаты мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуын насихаттау, тіл – татулықтың, достықтың тетігі, тәрбиенің көзі, халықты біріктірудің маңызды факторы екенін ұғындыру болды. Мемлекеттіл тіл турасында жазылып, БАҚ-та жарияланған үздік мақалалар авторының жеңімпаздарын марапаттау Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды іс-шара» аясында облыстық опера және балет театрының ғимаратында өтті.

ОҚО ІІД қазақ тілінің мұғалімі Шымкент қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды

Қазақстан полициясының өмірі мен қызметіндегі мемлекеттік тілдің орнын көрсеткен мұғалім Оспан Ақботаның мақаласын форум ұйымдастырушылары үздік деп таныды. Жеңімпаздарға Шымкент қаласы әкімінің алғысхаты мен бағалы сыйлықтар тарту етілді.

ОҚО ІІД қазақ тілінің мұғалімі Шымкент қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды

Related posts

Leave a Comment