Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының жаңа хатшысы сайланды

Облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібіне енгізілген 7 мәселенің алғашқысы — алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың хатшысын сайлау. Бұл жоғары лауазымға Сарыағаш ауданындағы №42 сайлау округінен сайланған облыс мәслихатының депутаты Қайрат Балабиев лайықты деп танылды.

Қайрат Балабиев, облыстық мәслихаттың хатшысы: «Сенім артқан баршаларыңызға алғысым шексіз! Облыс әкімдігімен бірге әріптестеріммен өңіріміздің өркендеуне қызмет ететмін деп сенім білдіремін.

Қайрат Балабиев

Қалған алты мәселе бұған дейін тұрақты комиссияларда жіті талқыланғандықтан, олар бойынша шешімді депутаттар бірауыздан бекітті. Сөйтіп, 2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, нақтыланды. Және бірқатар комиссиялардың дербес құрамы бекітілді.

Жағымды жаңалықпен бастауын алған сессия барысында Мақтаарал ауданындағы №25 округтен облыс мәслихаты болып сайланған Бауыржан Жамаловқа куәлік пен депутаттық төс белгі табыс етілді.
Көп жылдары жергілікті мәслихаттарда қызмет еткен депутаттардың еңбегі еленіп, оларға ОҚО мәслихатының құрметті депутаты атағын растайтын куәлік табыс етілді. Жиында өңіріміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан азаматтар да құрметті грамотамен марапатталды.

Облыс мәслихатының кезектен тыс жетінші сессиясында сөз алған облыс әкімі алдағы 3 жылға бекітілген жоспарлар орындалатынына сенім білдірді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР