You are here
Мемлекеттік рәміздер ұлықталған күн Жаңалықтар 

Оңтүстіктің жастары флешмоб жасады

Мемлекеттік рәміздер ұлықталған күн! Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі — Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн жобасы бүгін мемлекеттік рәміздерге арналды.

Бұл күні айқын елтаңбамыз әспеттеліп, асқақ әнұранымыз шырқалды. Туымыз көкке көтерілді. Оңтүстіктің барлық аудан, қалаларында, оқу орындарында мемлекеттік рәміздердің құндылығын кеңінен насихаттау мақсатында түрлі іс-шара өткізілді. Шымкеттегі Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-дің 300-ге жуық жасы да «Мен өз елімді сүйемін!» деп ұрандап, туған елге деген сүйіспеншілігін білдірді.

Мемлекеттік рәміздер ұлықталған күн

Сонымен қатар әлеуметтік желелерде «Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы құтты болсын!», «Мен өз елімді сүйемін!» хештегтерімен флешмоб басталды. Оңтүстіктің жастары белсенділік танытып, эстафетаны жалғау үшін желідегі парақшаларына көк байрақпен түскен суреттерін салуда.

Related posts

Leave a Comment