Оңтүстіктің дәрігерлері Түркияда білімін жетілдіреді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркия үкіметі жанындағы түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) Қазақстандағы өкілі Әли Ихсан Чаглармен кездесті. Басқосуда тараптар бауырлас қазақ-түрік қарым-қатынасын одан әрі жақсарту жайын талқылап, алдағы күндері қолға алынатын нақты жоспарлы жұмыстарға көшті.

Оңтүстіктің дәрігерлері Түркияда білімін жетілдіреді

Атап айтқанда таяуда TIKA ұйымының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан облысындағы медицина мамандары арнайы оқыту курсынан өтіп, біліктілігін жетілдірмек. Шымкентте биылғы 2-5 желтоқсан күндері өтетін тәжірибе алмасу семинарына 75 дәрігер қатысып, онда ана мен бала денсаулығын сақтау, ана мен бала өлімін азайту тақырыбында дәріс алады деп күтілуде. Ал тәжірибе алмасу курсында белсенділік танытқан дәрігерлер Түркияға жіберіліп, ол мамандар елге келген соң өзге де әріптестерінің білімін шыңдауға атсалысатын болады.

Кездесу барысында аймақ басшысы өңірімізге арнайы келген мәртебелі мейманға алғысын білдіріп, аталған жоба аясында жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына ортақтасып, қуанышымен бөлісуде осындай жұмыстарды ұйымдастыруды көздеген ұйымның өкілі Әли Ихсан Чаглар бұл жобаның бұған дейін өзге де мемлекеттерде ұйымдастырылып, оң нәтиже көрсеткенін айтты.

Айта кету керек, түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің әлемнің 56 елінде филиалдары бар. Жер-жаһанның 150 елімен ынтымақтық жобаларын жасасқан TIKA ұйымы соңғы 3 жылда ынтымақтастық жұмыстары мен гуманитарлық көмектердің арқасында әлемде бірінші орынға шыққан. Денсаулық сақтау саласындағы аталған жоба ұйымның қыруар жұмыстарының бір ғана бөлігі болып табылады.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР