Облыстық көркемсурет галереясының жаңа ғимараты салынады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев суретшілерді қолдау, өнерін насихаттау, пікір алмасу, сондай-ақ, осы бағытты дамыту мақсатындағы ұсыныстарды талқылау мақсатында облыстық бейнелеу өнері музейінде болды. Онда аймақ басшысы суретшілер одағының мүшелерімен кездесіп, саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Жиынға Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ресей, Қырғызстан көркемөнер академиясының академигі, мемлекеттік сыйлықтың иегері Ерболат Төлепбай қатысты.

Облыстық көркемсурет галереясының жаңа ғимараты салынады

Отырыс барысында Қазақстан суретшілер одағы облыстық филиалының директоры Нұрлан Шилібаев өнер адамдарының әлеуметтік жағдайын жасау мәселесін көтеріп, шығармашылықпен айналысатын жұмыс орнының жоғына алаңдаушылық білдірді. Сондай-ақ, жергілікті суретшілердің туындыларын аталған бейнелеу өнері музейінің қорына сатып алу жайын қозғап, түрлі тақырыпта жоспардан тыс жылына екі рет көрме ұйымдастыруды сұрады. Филиал директоры өз баяндамасында облыс суретшілерінің шығармаларын халықаралық деңгейге көтеруды ұсынып, суретшілер шеберханасын құру қажеттігіне тоқталды.

Бұдан соң өнер қайраткері Ерболат Төлепбай сөз сөйлеп, саладағы өзге де өзекті жайттар бойынша ойын білдірсе, суретші, қолөнер шебері Кендебай Қарабдалов өзі тап болған кедергілер ретін аймақ басшысының алдына көлденең қойды.

Осынау проблемаларға қанық болған аймақ басшысы нарықтық экономика заманында әр азамат күні-түні жұмыс істеп, еліміздің көркеюіне атсалысу қажеттігіне назар аударды. Шығармашылық өкілдерінің жұмысын тек жергілікті деңгейде ғана емес, халықаралық дәрежеде көрме ұйымдастыру арқылы өткізу керегін айтқан әкім облыста заманауи талаптарға сай етіп, жаңа көркемсурет галереясының салынатынын жеткізді.

— Оңтүстік Қазақстан облысының көркемсурет галереясын салу туралы тапсырма бердім. Өйткені, сурет күтімді талап етеді. Маманданған жаңа ғимарат салынған соң күн тәртібіндегі мәселелер өз ретімен шешімін табады деп ойлаймын. Сондай-ақ, мұнда шеберлік сабақтарын ұйымдастырып, симпозиум өткізу жайын қарастыратын боламыз, — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Айта кету керек, 2009 жылы суретшілерге қолдау көрсету, олардың шығармашылығын насихаттау мақсатында ашылған көркемсурет галереясының жанынан 2015 жылы жаңа заманауи тұрғыда қосымша ғимарат салынып, нысан өз алдына бейнелеу өнері музейі кәсіпорны ретінде қайта құрылған болатын. Бүгінгі таңда мұнда 1015 шығармашылық туынды бар.

Облыстық көркемсурет галереясының жаңа ғимараты салынады

Өңірімізде Қазақстан суретшілер одағының 88 мүшесі бар болса, оның екеуі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, біреуі мемлекеттік сыйлығының лауреаты, он бесі — «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР