«Отырар-TV» енді Шардараға тарайды

365
"Отырар" телеарнасы

«Отырар-TV» телеарнасы енді Шардарада көрсетіле бастады. Күні кеше ғана техникалық мамандарымыз сол аудандағы жұмыстарды аяқтап қайтты.

"Отырар" телеарнасы
«Отырар-TV» медиахолдингі

Енді шардаралық көрермендермен қауышатын боламыз. Ол үшін егер заманауи талаптарға сай келетін теледидарыңыз болса, қайта баптап, арналарды автоматты іздеу қызметін қоссаңыз болғаны.

Айта кетейік, «Отырар-TV» телеарнасын енді «Алма TV», «Дана TV», «ID TV» кабельді жүйесінен және «Отау» санды телевизиясы жүйесінен тамашалауға болады. Ал соңғысына ТЕГІН қосылғыңыз келсе, call-орталыққа қалалық телефоннан 193 нөміріне, ұялы телефоннан 71 93 нөміріне хабарласыңыздар. Үйіңізде сүйікті арнаңыз қосулы болсын!