Сайрамда әлеуметтік сауда орталығы ашылды

Сайрам ауданында ретсіз сауда орындарын жою мақсатында аудан орталығынан әлеуметтік сауда орталығы ашылды. Көшелердің тазалығы мен көріктендіруді және ретсіз сауда орындарын жоюды қоюды мақсат еткен Сайрам ауданының әкімдігі бұл жұмыстар оң нәтижесін береді деп сенеді.

Сайрамда әлеуметтік сауда орталығы ашылды

Осыған орай аудандық әкімдік өкілдері Ақсу ауылының орталығы Абылай хан, Жібек жолы көшелері бойындағы ретсіз сауда орындары бойынша аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе мониторинг жасады. Тәртіп бұзғандарға ескерту парақшалары мен буклеттер таратылды. Жұмысшы топ ретсіз сауда жасаушылардың уәждеріне байланысты заңды жерде сауда жасау үшін тиісті жұмыстар жүргізді.

Соның нәтижесінде жеке кәсіпкердің есебінен әлеуметтік базар салынып, пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда әкімнің басшылығымен аудан орталығындағы ретсіз саудамен айналысатын тұрғындар аталған сауда орталығына көшірілді.

Аудан әкімінің бастамасымен тұрғындар және мекеме ұйымдары бірлесіп, тұрақты түрде жалпы аудандық сенбіліктер өткізілуде. Сенбілікте көше бойлары мен жеке тұрғын үй маңайы және ғимарат алаңдары, ашық дала тазалануда. Сонымен қатар ауыл округтерінде әр сенбілік сайын ағаш егілуде.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР