Шардара дәрігерлерінің зейнетақы аударымы мәселесі шешімін тапты

Шардара аудандық ауруханасы қызметкерлерінің зейнетақыға деп жалақыдан ұсталатын қаржысы аударыла бастады. Естеріңізде болса, дәрігерлердің шағымданғанын бұған дейін хабарлағанбыз. Шардаралық ақ халаттылар зейнетқы қорымызға 15 жылдан бері ақша дұрыс аударылмайды деп дау шығарған. Құзырлы органдар мен аурухананың 2 ай бұрын ауысқан басшылығы бұл мәселені тексеріп, қорытындысын шығардық дейді.

Шардара дәрігерлерінің зейнетақы аударымы мәселесі шешімін тапты

Сапар Өмірзақов, Шардара аудандық аурухананың заңгері: «Қазіргі уақытта оның барлығының орны толтырылды. Тексеру де жүргізілді. Нәтижесі қазір қанағаттанарлық.»

Шардара дәрігерлерінің зейнетақы аударымы мәселесі шешімін тапты

Сапар Өмірзақов

Бұл тексерудің нәтиже бергенін редакцияға арнайы келген дәрігерлер де растап отыр.

Шардара дәрігерлерінің зейнетақы аударымы мәселесі шешімін тапты

Татьяна Ким

Татьяна Ким, Шардара аудандық аурухананың қызметкері: «Зейнетақы жарнамыз аударыла бастады. Және аурухананың бас дәрігері бұған дейінгі аударылмаған жарнамыз дұрысталады деп уәде берді.»

Шардара дәрігерлерінің зейнетақы аударымы мәселесі шешімін тапты

Базаркүл Мәмедова

Базаркүл Мәмедова, Шардара аудандық аурухананың бас бухгалтері: «Қазіргі уақытта қаржының барлығы аударылды. Бүгінгі таңға ешқандай қарызымыз жоқ. Кіріс департаментінен бізге тексеру қорытындысы берілді. Өсім көрсетіліп, оны өзіміз құйдық. Барлығы — қалыпты. Қазір ақша аударылып жатыр.»

Зәуре Оралбаева

 

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР