Шымкент әкімі – Лондонда

244
Шымкент әкімі - Лондонда

Шымкент әкімі Лондонда жүр. Ғабидолла Әбдіраxымов Ұлыбритания астанасында екі ел арасындағы үкіметаралық комиссия отырысына қатысты. Бұған қоса қызығушылық танытқандарға «Шымкент-сити» жобасын таныстыруда.

Шымкент әкімі - Лондонда

Әлеуетті инвесторлардың бірі – xалықаралық Aecom компаниясы. Британдық компанияның атқарушы директоры Патрик Флаерти мен Шымкент әкімінің кездесуі барысында ағылшын кәсіпкері бұл жобаға зор қызығушылық танытты.

Шымкент әкімі - Лондонда

Еске салар болсақ, биыл жазда Aecom компаниясының өкілдері Шымкент қаласына келген болатын. Сол сапар барысында аталған компанияның аймақтағы директоры Марина Констанян мен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов облыс орталығына инвестициялар тарту мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Шымкент әкімі - Лондонда

Aecom – сәулет және құрылыс саласындағы, сонымен қатар қалаларды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға маманданған халықаралық компания. Жүзеге асырған ірі жобаларының арасында дүниежүзілік сауда орталығы, Әбу-Дабидің, Гонконгтың, Лос-Анджелестің әуежайларды, Мәскеудегі «Москва-City» жобасын атап өтуге болады. Айта кетейік, Қазақстан – Aecom компаниясының жұмыс істеп отырған мемлекеттер ішіндегі алғашқы дамушы ел.