Шымкент әуежайында 29 келі алтын тәркіленді

Алтын контрабандасыОңтүстікте ірі көлемдегі алтын контрабандасының жолы кесілді. Шымкент әуежайында Түркиядан Қазақстанға жеткізілген 29 келіге жуық алтын бұйымдары табылып, тәркіленді. Бұл туралы қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі хабарлайды.

«Экономикалық тергеу қызметкерлері тәркіліген алтын әшекейдің саны — 13 мың 164. Салмағы 29 келіге жуық бйұымның бағасы 1 млн 400 мың АҚШ доллары немесе 430 миллион теңгеге жуық» деп мәлімдеді Мұрат Жұманбай.

Қазір айыптылардың мүлкі тәркіленіп, өздері 1000 айлық-есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төледі. Ал алтын мемлекет пайдасына тәркіленген.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР