Шымкент әкімінің есебі қалай өтті

470
Шымкент әкімінің есебі қалай өтті

Шымкенттегі өзекті деген үш мәселе бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтің алдында есеп берген қала әкімдігінің жұмысы қатты сынға алынды. Облыс әкімі бұдан былай жергілікті шенеуніктерге сенбейтінін, Шымкентті еліміздегі үшінші қала қатарына қосып, Елбасының тапсырмасын орындау үшін барлық ақпаратты арнайы сарапшылар арқылы алатынын ашық айтты.

Шымкент әкімінің есебі қалай өтті

Қала халқының саны бүгінде 904 мыңға жеткен. Шымкенттің бас жоспарына сәйкес, оның аумағы 117 мың гектарға жетті. Ендігі мәселе – осы жоспар бойынша шаһар халқына барынша жағдай жасау. Әсіресе Шымкентте жол инфрақұрылымы және көгалдандыру мәселесі кезек күттірмей орындалуы тиіс. Бұған дейін әжептеуір қолға алынған тірліктер қараусыз, бақылаусыз қалған. Облыс басшысы осыны нақтылады. Есепті жиында қала әкімі көлік инфрақұрылымын дамытып, көшелерге егілетін көшеттер туралы жоспарымен де бөліскен-ді. Облыс басшысы Шымшаһардың бүгінгі күйі көңілден шықпайтынын алға тартты.

– Шымкент өз атына лайық Шымқала, жасыл қала болуы тиіс. Оның қазіргі күйіне қарап, топырақ қала деуге болады. Облыс орталығын көгалдандыруға баршамыз атсалысуымыз қажет! – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Биылғы мәліметтер бойынша қалада 72 мың түп ағаш егілген және 32 мың түп көшет егу жоспарда бар. Осы ағаштарды қайдан алып, оған қанша қаражат жұмсалатыны туралы ақпаратты облыс әкімі бірден сынға алды.

Шымкент әкімінің есебі қалай өтті

Бұдан бөлек жиында заңсыз құрылыс қоқыс және жер қойнауын заңсыз пайдалану мәселелері де көтерілді жиында. Аталған салаға жауаптылардың айтқан уәждері де қабылданбады. Абай ауданының әкімі берген жауаптарды облыс әкімі «қанағаттанғысыз» деп бағалады.

Жиынды қорытындылаған Түймебаев мырза шымкенттік шенеуніктерге тапсырмаларды нақтылап, оларды кемшіліктерді жоя отырып орындауға уақыт берді. Ол жұмыстардың сапасын арнайы сарапшылар бақылайды. Орындалмаған тұстарға жауаптылар жылы орындарын босатуы ғажап емес.