//
Шымкент дәрігерлері жасанды буын қоюды үйренуде Компания жаңалығы 

Шымкент дәрігерлері жасанды буын қоюды үйренуде*

Шымкентте ресейлік дәрігерлер үш науқасқа жасанды буын қойды. Шетелдік әріптестер жасаған ота облыстық клиникалық аурухана базасында өтті. Енді Мәскеуден арнайы шақырылған мамандар аяқты икемге келтіретін жасанды буын салудың күрделі тәсілдерін бір аптаға бойы жергілікті ақ халаттыларға үйретеді.

Шымкент дәрігерлері жасанды буын қоюды үйренуде

Денис Римашевский, Мәскеу қаласындағы РХДУ медициналық доценті: “Мұндағы операция кезінде жастарды да кездестірдік. Байқағаным – буын дерті Қазақстанда да “жасарып” жатыр. Негізінен қарт кісілерге қарағанда жастарға жасанды буын қою күрделі. Өйткені ол әлі жас болғандықтан, қимылы көп болады. Әрі ұзақ уақты өмір сүру үшін буынды дұрыстап орнатуымыз керек.”

Ресейлік маман бір күннің ішінде үш науқасқа жасанды буын қойды. Мұндай ота облыстық клиникалық ауруханада 2010 жылдан берi қолға алынған. Алғашқы жылы 25 науқасқа ота жасалған болса, қазір мамандар бір жылдың өзінде 200-ден аса адамға буын алмастырады.

Айта кетейік, дене жарақатын алған­дарға салынатын протез – таптырмас мүмкіндік. Қазір жасанды буынның көмегімен травматологтар мен ортопед­теріміз омыртқасы сынған адамды бірер күннің ішінде аяғынан тік тұрғызуда.

Жарнама негізінде.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz