Шымкентке Қазығұрттың шыршалары егіледі

Шымкент жақында жасыл желекті қалаға айналады. Шаһардағы көркейтудегі жұмыстары ауа райының салқындауына қарамастан шұғыл түрде қолға алынады. Мұны облыс басшысы Қазығұрт ауданына келген іс-сапарында мәлімдеп, жауапты басшылардың жұмысын жүйелеуді тапсырды.

Бұл жұмыстар іске асса қаланың орталық көшелері жасыл шыршаға толы болады. Бүгінгі таңға дейін қаланың жасыл аймағына 3 миллионнан аса көшет егілген. Облыс басшысының тапсырмасы бойынша орталық көшелерге биіктігі 3 метрден асатын қылқан жапырақты ағаш, калифорния терегі, қырым қарағайы сынды 100 мыңға жуық ағаш егілмек.

Шымкентке Қазығұрттың шыршалары егіледі

Көшеттің басым бөлігі Қазығұрт ауданындағы тұқымбақтан алынады. Мұнда өсіріліп жатқан сеппе және тік көшеттер тұрақты түрде күтіп-бапталуда. Қазір саябақта көшеттің 40-тан астам түрі бар. Қалаға жақын арада қондырылатын түптер осындағы көшеттен іріктеліп алынады.

Шымкентке Қазығұрттың шыршалары егіледі

Осылайша облыс әкімі бір оқпен екі қоянды атпақ. Яғни, әрі қаланы көркейтіп, әрі өңірдің экологиялық тазалығын реттейміз дейді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР