//
Шымкентте қар мұқият тазалануда Жаңалықтар 

Шымкентте қар мұқият тазалануда

Кешегі жауған қар Оңтүстіктің тұрғындарын біраз әбігерге салды. Әсіресе, Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктер таңертең бағыттарға дер кезіндей шықпай, жолаушылар қиналды. Есесіне жолдарды тазалайтын төрт мекеме шаһардағы 150 көшені қардан тазартып шықты.

Шымкентте қар мұқият тазалануда

Жауған қарды тазартуға бірден арнайы 60 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде жолға 1345 текше метр тұз аралас құм себілді. Ал жаяу жүргінші жолдарын тазартуға қолдарыны күрек пен сыпырғы ұстаған 462 жұмысшы шығарылған.

Шымкентте қар мұқият тазалануда

Ал қоғамдық көліктер әдетегідей толық бағытқа шықпай қалып, жолаушыларды әбіржітті. Көлік бөлімінің басшылары күн сайын жолға шығуы тиіс 1200 автобустың 80 пайызы өз міндеттерін атқарды деп ағынан жарылуда. Ал диспетчерлік орталықтың мамандары көліктен қамту бар болғаны 60-70 пайыз болды дейді.

Осы екі түрлі ақпараттың растығын білу үшін орталықтағы ЖПС базасын көргенімізде бағытта жүрген автобустардың саны бар болғаны 380 екеніне көз жеткіздік. Ал интегратор маман таңертең бұл цифр 200-ден әрең асқан. Бұл – көбейгені деп қуанып отыр.

Осылайша таңертеңнен бастап бағытқа шығуы тиіс 1200 автубустың қаншасы өз міндетін орындағанын ешкім дөп басып айта алмады. Ол дегеніміз қоғамдық көлік саласындағы бақылаудың төменгі дәрежеде екенін тағы бір рет көрсетті.

Нұрлан Жаңабай

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz