Шымкентте қоқыс жәшіктері сәнделуде

Шырайлы Шымкент қаласының көшелерінен енді көзге бұрын тұрпайы көрінетін қоқыс жәшіктерін көрмейтін боласыз. Әрине, қоқыс тастайтын алаңшалар түбімен жойылған жоқ, тек, қоршауы өзгерді. Қала басшылығы бұл алаңшаларды көркемделген шыны қабырғалармен қоршап тастауды ұйғарыпты. Қазірдің өзінде алғашқы үлгілері дайын.

Шымкентте қоқыс жәшіктері сәнделуде

Алғашқы жаңалықты жергілікті билік Қонаев даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қилысынан бастапты. Мұндағы қатты тұрмыстық қалдық тасталатын алаңшаның бар екенін байқау қиын. Ол жәшіктер әсем қабырғалармен қоршалып, қоқыс шашылмайтындай етіп бекітілген. Қабырғаларға жақында ғана қабылданған Шымкентің жаңа логотипі — қызғалтақтың сескіндемесі салыныпты. Әрине, бұл жаңалыққа жерлестеріміз таңдана да қызыға да қарап жүр.

Шымкентте қоқыс жәшіктері сәнделуде

Әл Фараби ауданы бойынша 185 жерде қоқыс алаңшасы бар. Бюджеттен бөлінген 60 млн теңгеге олар жаңартылып, 76 млн теңгеге жаңа жәшіктер орнатылыпты. Енді қаланың орталық көшелеріндегі алаңшалар жаңа үлгіде жасалады. Алғашқы пилоттық жоба демеушінің көмегімен іске асқан.

Осы жаңалықты енгізудегі басты мақсат тұрғындарды тазалықа көңіл бөлуге шақыру дейді жауапты мамандар. Әзірге алғашқы бастама көпшіліктен қолдау тауып отыр.

Нұрлан Жаңабай

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР