//
Шымкентте әжелер конкурсы өтті Жаңалықтар 

Шымкентте әжелер конкурсы өтті

Шымкентте әдеттегіден ерекше конкурсы өтті. «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» бағдарламасына мұрындық болған – қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы әжелер алқасы. «Әже – ұлт ұйтқысы» байқауында аудандардан келген командалар бағын сынады. Қазіргі ұрпаққа ата-баба дәстүрін жеткізетін аға-буын өкілдері екені анық. Мұндай байқаулар жастардың ұлтын сүйіп өсуіне қосар үлесі зор дейді ұйымдастырушылар.

Шымкентте әжелер конкурсы өтті

Байқау барысында апаларымыз халық әндерін орындап, салт-дәстүрден қойылымдар қойды, би де биледі. Жастарына қарамастан өте жақсы дайындықпен келген әжелер өткеннің өнегесі, бүгіннің баға жетпес байлығы дейді ұйымдастырушылар. Конкурстың жеңімпаздары желтоқсан айында өтетін «Әже әлдиі» атты облыстық форумға жолдама алып, бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Жанерке Хұмар

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz