Шымкентте Қазақстан Президентіне арналған фотосуреттер көрмесі ашылды

400
Шымкентте Қазақстан Президентіне арналған фотосуреттер көрмесі ашылды

Қазақ елінің тұңғыш Президенті күнінде Шымкенттегі көрме орталығында Елбасының 70-тен астам ерекше фотосуреті көпшілік наразына ұсынылды. Нұрсұлтан Әбішұлының ширек ғасырда елімен қауышқан сәттері, өзге мемлекет басшыларымен түрлі келіссөздер жасаған тарихи оқиғалардың белгісі болған фотолар, расында да, қайталанбас дүние.

Шымкентте Қазақстан Президентіне арналған фотосуреттер көрмесі ашылды

Оны тамашалауға облыс әкімінен бастап зейнеткерлер, депутаттар, жастар мен ұстаздар да келді. Қала халқы көрмені тамашалап болып, 1 желтоқсан – Президент күніне арналған салтанатты жиынға асықты.

Шымкентте Қазақстан Президентіне арналған фотосуреттер көрмесі ашылды

Суретші Айнабек Оспанов тарихи сәттердің куәсі бұлған бұл фотолардың әрбірін жақсы біледі. Құнды суреттерді ол бұдан бұрын Елбасының өзіне де екі рет таныстырып, көрсеткен. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған бүгінгі топтың алдында әр композицияға жеке тоқталды.

Шымкентте Қазақстан Президентіне арналған фотосуреттер көрмесі ашылды

Ал Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, зейнеткер Шахарбек Усманов зауытта Елбасымен бірге түскен суретін көрмеде бірден тапты. Мұндай фото өзінің жеке архивінде да бар. Тек мұндай үлкен емес.

Шымкентте Қазақстан Президентіне арналған фотосуреттер көрмесі ашылды

Көрмені тамашалаған көпшілік Түркістан сарайына ағылды. Ондағы салтанатты жиында Оңтүстік Қазақстан облысының өткені мен бүгіні, 25 жыл ішінде жасалған тірліктер мен ондағы Президенттің рөлі туралы айтылды. Осы жылдар ішінде Елбасы өңірімізге 50-ге жуық арнайы іс-сапармен келген екен. Әр келгенінде түрлі салалардағы жетістіктерді атап өтіп, ширатылуы тиіс тұстарды, тапсырмаларды нақтылады. Нәтижесінде осы жылдарда халқымыздың саны 1 миллион адамға артса, облыс қазынасы 54 миллиард теңгеден 560 миллиард теңгеге жеткен.

Шымкентте Қазақстан Президентіне арналған фотосуреттер көрмесі ашылды

Осы жиында облыс аудандары мен қалаларында түрлі салаларда еңбек етіп жүрген 13 азаматқа ОҚО-ның дамуына үлес қосқаны үшін облыс әкімі алғыс хатын тапсырды.

Зәуре Оралбаева