Шымкентте қоқыс жәшіктері сәнделуде

598
Шымкентте қоқыс жәшіктері сәнделуде

Шырайлы Шымкент қаласының көшелерінен енді көзге бұрын тұрпайы көрінетін қоқыс жәшіктерін көрмейтін боласыз. Әрине, қоқыс тастайтын алаңшалар түбімен жойылған жоқ, тек, қоршауы өзгерді. Қала басшылығы бұл алаңшаларды көркемделген шыны қабырғалармен қоршап тастауды ұйғарыпты. Қазірдің өзінде алғашқы үлгілері дайын.

Шымкентте қоқыс жәшіктері сәнделуде

Алғашқы жаңалықты жергілікті билік Қонаев даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қилысынан бастапты. Мұндағы қатты тұрмыстық қалдық тасталатын алаңшаның бар екенін байқау қиын. Ол жәшіктер әсем қабырғалармен қоршалып, қоқыс шашылмайтындай етіп бекітілген. Қабырғаларға жақында ғана қабылданған Шымкентің жаңа логотипі – қызғалтақтың сескіндемесі салыныпты. Әрине, бұл жаңалыққа жерлестеріміз таңдана да қызыға да қарап жүр.

Шымкентте қоқыс жәшіктері сәнделуде

Әл Фараби ауданы бойынша 185 жерде қоқыс алаңшасы бар. Бюджеттен бөлінген 60 млн теңгеге олар жаңартылып, 76 млн теңгеге жаңа жәшіктер орнатылыпты. Енді қаланың орталық көшелеріндегі алаңшалар жаңа үлгіде жасалады. Алғашқы пилоттық жоба демеушінің көмегімен іске асқан.

Осы жаңалықты енгізудегі басты мақсат тұрғындарды тазалықа көңіл бөлуге шақыру дейді жауапты мамандар. Әзірге алғашқы бастама көпшіліктен қолдау тауып отыр.

Нұрлан Жаңабай