Шымкентте үй аулалары жөнделіп, халықтың игілігіне тапсырылды

Шымкент қаласындағы Абай ауданына қарасты үш көп қабатты үйдің ауласы қайта жөнделіп, ел игілігіне берілді. Тұрғындардың қуанышымен бөлісе барған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов барша шымкенттіктерді мерейлі қос мереке — Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы және 1 желтоқсан  — тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

Шымкентте үй аулалары жөнделіп, халықтың игілігіне тапсырылды

— Халыққа ыңғайлы жағдай жасау мақсатында қалада ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілді. Мәселен, шаһардағы көп қабатты 1020 үйдің  829-ның ауласы жөнделіп, 334 үйдің ауласы жарықтандырылды, — деді Жансейіт Қансейітұлы. — Ал 686 көп қабатты тұрғын үйдің ауласына электр бағаналарын орнату жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Шымкентте үй аулалары жөнделіп, халықтың игілігіне тапсырылды

Осынау жұмыстардың барлығы халық игілігі үшін жасалып жатқанын айтқан аймақ басшысы қаламыздың тазалығы мен оны күтіп ұстау  тұрғындардың да міндеті екенін жеткізді.

Шымкентте үй аулалары жөнделіп, халықтың игілігіне тапсырылды

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, 80-нен астам көп қабатты үйдің ойын алаңдары қайта жөнделіп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Шымкентте үй аулалары жөнделіп, халықтың игілігіне тапсырылды

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР