Шымкентте 10 аккумулятор ұрлаған жігіт ұсталды

Шымкент қаласында полицейлер автокөлік аккумуляторын ұрлау қылмысын ашты. Қалалық ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығының сыртқы бақылау камераларының көмегімен 10 автокөліктен аккумулятор ұрлаған деген күдікпен 19 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Шымкентте 10 аккумулятор ұрлаған жігіт ұсталды

Абай полиция бөлімі

2016 жылдың 22 қарашасы күні полицейлер бейнебақылау камералары арқылы 8-шағынаудандағы автотұрақтардың бірінде күдікті азаматтың көліктің бірін ашып жатқанын байқайды. Сол сәтте-ақ Шымкент жол-патрульдік полициясының экипажы оқиға орнына барып, ізін суытпай күдіктіні ұстады. Ол 1997 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Бұған дейін сотты болған. Тәртіп сақшылары айғақты зат ретінде құрал-сайман салынған сөмкені тәркіледі.

Шымкентте 10 аккумулятор ұрлаған жігіт ұсталды

Тергеу барысында анық болғандай, күдікті екі ай көлемінде жергілікті тұрғындардың Опель, Мерседес, ВАЗ маркалы автокөліктердің оннан аса аккумуляторын ұрлаған. Жас азамат тұрақта тұрған немесе бақылаусыз жерде тұрған көліктердің дыбыс дабылы жоқ екеніне көз жеткізіп, арнайы құралдармен (отвертка, кілт, т.б) автокөліктерді ашып, аккумуляторларын және бағалы заттарын жымқырып отырған.

Шымкентте 10 аккумулятор ұрлаған жігіт ұсталды

Қазіргі таңда аталған жайттар бойынша қылмысты кодекстің 188-бабымен (ұрлық) іс қозғалды. Ұрланған заттардың біразы заңды иелеріне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Осыған орай полицейлер облыс тұрғынларына көліктерін қараусыз қалдырмауға, есігін ашық немесе кілтін бос қалдырып кетпеуге кеңес береді. Барлық есіктерін кілттеп, көлік ішінде бағалы заттары мен құжаттарды тастамауды, ал көлігін қорғанысы бар автотұраққа қойып, дабыл жүйесін қосуды сұрайды.

Егер де сіз осы секілді қылмыстың куәгері немесе зардап шегуші болсаңыз, дереу 102 нөмірі арқылы полицияға хабар беріңіз.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР