You are here
Шымкентте "ақылды" бақылау құралдары ресми іске қосылды Жаңалықтар 

Шымкентте «ақылды» бақылау құралдары ресми іске қосылды

25 қарашадан бастап Шымкентте «ақылды» бақылау құралдары ресми түрде іске қосылды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті хабарлады.

Шымкентте "ақылды" бақылау құралдары ресми іске қосылды

Жол жүру қозғалысын бақылайтын «ақылды құралдар» мына көше қиылыстарында жұмыс істеп тұр:

  • Арғынбеков көшесі — Бәйдібек би даңғылы
  • Желтоқсан көшесі — Б.Момышұлы даңғылы
  • Тәуке хан даңғылы мен Сайрам көшесі
  • Рысқұлов даңғылы — Адырбеков көшесі
  • Республика даңғылы — Гагарин көшесі
  • Темірлан тасжолы — Әл-Фараби көшесі
  • Жібек жолы — Адырбеков көшесі
  • Рысқұлов даңғылы -Шаяхметов көшесі
  • Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесі
  • Төле би көшесі — Анаров көшесі

Бұл құралдар көлік жүргізушісі тарапынан кеткен ереже бұзу фактілерін адамның қатысуынсыз анықтап, департаменттің процессинг орталығына жібереді. Сол жерден көлік иелеріне тәртіп бұзғаны жайлы ақпарат таратылады. Ендеше, полиция жоқ екен демей, кез келген көшеде тәртіп сақтауға тырысыңыздар.

Related posts

Leave a Comment