Шымкентте антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

394
Оқу-жаттығуды ұйымдастырушылар алдағы жоспарды соңғы рет пысықтап алуда

Оқу-жаттығуды ұйымдастырушылар алдағы жоспарды соңғы рет пысықтап алуда

29 қараша күні Шымкент қаласындағы Қаратау ауданының аумағында «Шымкент – Антитеррор – 2016» антитеррорлық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтеді. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінің ОҚО бойынша департаменті хабарлайды.

Оқу-жаттығудың мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысының терроризммен күреске бағытталған жедел штабтарының, олардың жедел топтарының және арнайы функционалдық міндеттерді орындайтын арнайы бөлімдерінің үйлесімділігін жетілдіру, тәжірибелік дағдыларын жоғарылату және ең өзекті терроризм актілерінің жолын кесу кезінде жағдайды бағалау болып табылады.

Антитеррорлық жедел-тактикалық оқу-жаттығу барысында ескерту жүйесінің элементтері, жинау, жеткізу күштері сынақтан өтеді және терроризм актісі орын алған жерге жедел штаб күштері мен құралдары тексерілетін болады.

Ұйымдастырушылар Шымкент қаласының тұрғындарына өткізілетін оқу-жаттығу іс-шарасына түсіністікпен қарап, келтірілген ыңғайсыздықтар бойынша кешірім сұрайды.