You are here
Шымкентте азаматтық қорғаныс құралдарының көрмесі өтті Жаңалықтар 

Шымкентте азаматтық қорғаныс құралдарының көрмесі өтті

Шымкентте азаматтық қорғаныс құралдарының көрмесі өтті. Келушілердің назарына өрт сөндірушілердің, апатты медицина қызметкерлері мен жер сілкінісі кезінде пайдаланылатын техникалар, әмбебап құрал-жабдықтар ұсынылды. Төтенше жағдай департаментінің мамандары бұл іс-шараны азаматтардың санасында қауіпсіздік ұғымын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырып отырмыз дейді.

Шымкентте азаматтық қорғаныс құралдарының көрмесі өтті

Нұрлыайым Әбілхайыр гидравликалық құтқару аппаратымен танысып жатыр. Оқушы қызға құтқарушы-маман демалу құрылғысының қалай жұмыс істейтінін көрсетуде. Бұл жабдықпен зардап шегушіге қондырғыға қойылған мынадай баллондар арқылы сығымдалған ауа жіберіледі.

Өрт сөндірудің оншақты заманауи техникасы – түрлі қондырғылар мен сүңгуір заттары, көтергіш механизм мен түрлі құрал-сайман көрмеге қойылды. Төтенше жағдай қызметкерлері көрмеге келушілерге өрт қауіпсіздігі шараларын үйретіп, исі газынан уланудың алдын алуға шақырды.

Өрт сөндіруге арналған мобильді көліктердің арасында 90 метрге дейін көтерілетін көтергіш-баспалдақ оқушылардың қызығушылығын туғызды. Шәкірттер техникаға мініп, 30 метрлік биіктікке шықты. Осылайша олар құтқарушылардың қызметін өздерінше бағамдап көрді.

Жер сілкінісі, өрт кезінде пайдаланылатын көліктер мен жол талғамайтын техникалар, сондай-ақ көп функциялы әмбебап құрылғыларды мектеп оқушылары қызыға тамашалады. Таласа-тармаса көліктерге отырып, заманауи технологиялар жетістіктерін көрген шәкірттер осылайша бұл күні өзгенің өмірі үшін арпалысқа түсетін құтқарушы-мамандардың жұмысымен танысуға мүмкіндік алды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz