//
Шымкентте көп қабатты үйлер көбейеді Жаңалықтар 

Шымкентте көпқабатты үйлер көбейеді

Шымкент сәулетшілері Көксай-2, Көксай-3 және Асар елдімекендерін қайта құру жоспарын нақтылап жатыр. Жоспар бойынша жеке тұрғын үйлер сүріліп, олардың орнына 5-9 қабатты үйлер бой көтереді дейді жобалаушылар.

Шымкентте көп қабатты үйлер көбейеді

Осылайша Көксай-2, Көксай-3 елдімекендерінде тұрғын үй қоры 130 мың шаршы метрге ұлғаятын болады. Мұнда саябақ, ауқымды атвотұрағы бар бизнес орталықтары және 320 орынды балабақша салынады деп күтілуде.

Ал Асар-2 шағынауданындағы жер телімдерінің 3,5 пайызы мемлекетке қайтарылуы тиіс деп есептейді жобалаушылар. Ол жерлерге де көпқабатты үйлер салу көзделіп отыр. Енді бұл елдімекендердің егжей-тегжей жоспары жыл аяғына дейін нақтыланатын болады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz