//
Шымкентте көпірден секірмек болған адам құтқарылды Оқыс оқиға 

Шымкентте көпірден секірмек болған адам құтқарылды

Шымкенттің поилцейлері көпірден секірмек болған кісіні құтқарып қалды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

2 қараша күні кешке Тәуелсіздік саябағын жаяу бақылап жүрген сержант Рүстем Қадыров көпірден секіргелі тұрған адамды байқап қалады. Ол темір қоршаудан асып түскен екен. Қасына келгенде мас екені байқалады.

Шымкентте көпірден секірмек болған адам құтқарылды

Оны әңгімемен аладусыратып тұрған сержант бір кезде киімінен шап етіп ұстап алады. Содан кейін әріптестерімен бірге қауіпсіз жерге алып шығады.

Шымкентте көпірден секірмек болған адам құтқарылды

Өзіне-өзі қол жұмсамақ болған адам 37 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Бұған дейін сотты болған жігіт бұл қадамға жеке өміріндегі проблеманың кесірінен бармақ болғанын айтады. Өз инспекторларға алғысын да айтып отыр.

Полицейлер мас кісіні тірек бекетіне алып барады. Осы жерде жедел жәрдем дәрігерлері оған алғашқы көмек көрсетті. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz