//
Жаңалықтар 

Шымкентте полицейлер мен тұрғындар кездесті

Өз жауапкершілігіне немқұрайлылық танытқан қалалық жергілікті полиция қызметінің өкілдері тағы да сынның астында қалды. Полиция және прокурорлармен кездесуге келген қала тұрғындары шымкенттік құзырлы орган өкілдері көп қабатты үйлердегі тәртіпті сақтауда жауапсыз деп отыр.

Кездесуде қала тұрғындары  көп қабатты үйдегі тәртіпті реттеуде полицейден көмек сұрады Әдетінше, “атқа жемді кім саларға” көшетін тәртіп сақшылары бұл жолы да жауапкершіліктен қашқандай болды. Полицейлер бұл мәселені әлеуметтік деп атап өтіп, құзырлылардың міндеті емес деп ашық айтты.

Шымкентте полицейлер мен тұрғындар кездесті

Ерғали Кенжебаев, Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы Әл Фараби полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы: “Бұл мәселе – әлеуметтік мәселе. Бізде Забадамда арнайы осындай орталық бар, көшеде қаңғып жүретіндерді апаратын. Көбіне барлығы полицей қызметкерлерін жамандап жатады. Мысалы, сот орындаушыларына бір азаматты үйден шығару туралы соттың шешім шығады. Ол үйінен шықпай жатса, дереу бізді шығарады. Бұл – біздің міндет емес. Біздің жұмысымыз – қадағалап тұру.”

Ал бұл жауап кездесуге келген қала тұрғындарының наразылығын тудырды. Заңды, тәртіпті сақтаудағы қалалық ішкі істер органы қызметкерлерінің әрекетсіздігі халықты шаршатса керек, шыдамы таусылған азаматтар ашуыға булықты.Сондықтан, салғырттық танытқан полицейлердің жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді.

Шымкентте полицейлер мен тұрғындар кездесті

Әл Фараби аудандық жергілікті полиция бөлімінің  бастығы Ерғали Мамырұлы  тұрғындарды сабырға шақырып, жақын арада көп қабатты үйлердегі проблеманы шешуге уәде берді. Айта кетейік, бұл кездесу прокуратура өкілдерінің мұрындық болуымен “Қауіпсіз қала” жобасы аясында өтті. Мұндай басқосулар алдағы уақытта қаланың барлық аудандарында өтеді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz