Шымкентте жаңа автотұрақ ашылды

566
Шымкентте жаңа автотұрақ ашылды

Шымкентте жаңа автотұрақ ашылды. Қаладағы қырғы базардың маңында ашылған тұрақ 100 көлікке шақталған. Осылайша жергілікті кәсіпкерлер сауда орнының маңын реттеп, темір тұлпар иелеріне жағдай жасауда.

Шымкентте жаңа автотұрақ ашылды

Жаңа тұрақ үшін жеке кәсіпкер өз есебінен 10 млн теңге бөліп, жөндеу жұмыстарын жүргізгенін айтады. Тиісті қаржыға автоматты қондырғылар, темір қоршау алынып, жаңадан жол төселген. Бұл жерге кез келген азамат көлігін қою алады. Айта кетейік, автотұрақ тәулік бойы жұмыс істейді.

Жергілікті билік өкілдері, сондай-ақ, базар маңын жабайы саудадан тазартуды күшейтті. Олар жыл басынан бері саудада заңсыз жүрген мыңға жуық азаматты әкімшілік жауапқа тартқанын айтады. Енді әр апта сайын мамандар рейд жұмыстарын жүргізіп, базар маңын ретке келтіруді мықтап қолға алмақ.