//
Жаңалықтар 

Шымкентте жылу қосылмаған 50 үй қалды

Жылу орталығының қоры мәз емес
Жылу орталығының қоры мәз емес

Дәл бүгін Шымкентте жылу қосылмаған 50-ге жуық үй қалды. Биыл шымкенттіктерді жылумен қамтамасыз ету үшін қала әкіміне үш рет қаулы шығаруға тура келді.

Алғаш рет 14 қазан күні ауа райының күрт сууына байланысты жеке қазандығы бар мекемелер жылуға қосылсын деген қаулы шықса, кейін 18 қазанда бөлек тұрған үлкенді-кішілі қазандықтар жылу беруді бастады.

Ал жалпы орталық жылу жүйесінен жылынатын көп қабатты үйлер 27 қазаннан ресми түрде жылуға қосыла бастады. Сала мамандарының мәлімдеуінше, бүгінгі таңда қала бойынша жылу алмаған 52 көп қабатты үй бар. Соның 24-і Еңбекші ауданында болса, 26 үй – Абай ауданында. Мамандар күн соңына дейін осы үйлерге толық жылу беруге уәде беріп отыр.

Нұрлан Жаңабай

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz