Шымкенттегі дендросаябаққа Асанбай Асқаровтың аты берілуі мүмкін

615
Балалар үйінің бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлаймын десеңіз, 8 (7252)51 35 07 телефон нөміріне хабарласыңыз. Ал бүгінгі серуен дендросаябақта өтті. Соңы тәтті шәй мен концертпен жалғасты

Шымкент қалалық ономастикалық комиссияда қоғамдық тыңдау өтті. Жиында қаладағы дендрарий саябағына Асанбай Асқаровтың есімін беру және атауы жоқ 327 көшеге жер-су атауларын беру тақырыбы тыңдалды.

Балалар үйінің бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлаймын десеңіз, 8 (7252)51 35 07 телефон нөміріне хабарласыңыз. Ал бүгінгі серуен дендросаябақта өтті. Соңы тәтті шәй мен концертпен жалғасты

Басқосуға келген зиялы қауым өкілдері, көше төрағалары мен қала тұрғындары дендросаяққа Асанбай Асқаровтың есімін беруге қарсы еместігін айтты. Және қаладағы кейбір көшелердегі ескі және қайталанатын атауларды өзгерту туралы ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ, алдағы уақытта қазақ хандарының, Алаш ардақтыларының есімдерін де көшелерге беру туралы ұсыныстар айтылды.

Нұрлан Жаңабай