//
Шымкенттегі Көксәйек тұрғын алабы қайта құрылуы мүмкін Жаңалықтар 

Шымкенттегі Көксай тұрғын алабы қайта құрылуы мүмкін

Шымкенттегі “Нахаловка” аталып кеткен Көксай елдімекенінің инженерлік жүйесін қалпына келтіру қажет. Ол үшін сәулетшілер 14 мың шаршы метр аумаққа салынған құрылысты сүріп тастау қажет деп отыр. Кезінде халықтың рұқсатсыз салған үйлері құрылыс талаптарына келмейді дейді мамандар.

Оның үстіне баспаналардың көбісінің құжаттары жоқ. Жоспарсыз салынған құрылыстың салдарынан тап-тар көшелерде инженерлік жүйені қалпына келтіру де мүмкін емес дейді жобалаушылар. Ал бұл жобаға жергілікті тұрғындардың көзқарасы әрқилы.

Шымкенттегі Көксәйек тұрғын алабы қайта құрылуы мүмкін

Жуырда өткен қоғамдық тыңдауда ауданның инженерлік-коммуникациялық жүйесінің егжей-тегжей жоспары таныстырылған болатын. Сәулетшілер алдымен жұмысты үйлерді сүруден бастамақ. Көксай елдімекенінің егжей-тегжейлі жоспары мәслихаттың қарауына ұсынылады. Егер халық қалаулыларынан қолдау тапса, билік өкілдері халықпен келісім жүргізеді. Содан кейін барып жобалаушы мекеме іске кірісетін болады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz