//
Шымкенттегі жаңа көпір ресми ашылды Жаңалықтар 

Шымкенттегі жаңа көпір ресми ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев және Шымкент қаласы әкімінің қатысуымен қаладағы Қапал батыр көшесіндегі көпір пайдалануға берілді. Өңір басшысы салтанатты шараға қатысушыларды теміржол үстінен өтетін өткелдің қайта құру жұмыстарының аяқталуымен құттықтап, жаңа нысанның ел игілігіне қызмет етуіне тілектестік білдірді.

Шымкенттегі жаңа көпір ресми ашылды

– Елбасының тапсырмасына сәйкес Шымкент еліміздің үшінші мегаполисіне айналуда. Ал мегаполис ұғымы халық санының артуымен өлшенбейтіні белгілі, – деді Жансейіт Қансейітұлы. – Осы дәрежеге лайықты болу үшін барлық салада өсу және даму жоғары қарқын алуы қажет. Қаланың осы талаптарға сай болу бағытында бірқатар жұмыстар атқарып келеміз. Соның бір дәлелі – бүгінгі пайдалануға берілген көпір. Бұл – тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сүруіне ыңғайлы жағдай жасаудың көрінісі. Алдағы уақытта жол кептелісінің алдын алу мақсатында шаһардағы бірнеше жерден жол айырықтарын салу экономикалық-әлеуметтік даму жоспарына енгізілді.

Шымкенттегі жаңа көпір ресми ашылды

Айта кету керек, тоғыз жолдың торабында орналасқан көпір 1960 жылы салынған болатын. Бастапқыда ені 9 метр болған жүріс бөлігі қайта құру жұмыстарынан соң 21 метрге дейін кеңейді. Сондай-ақ, көпірдің жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, апатты жағдайы жойылды.

Нәтижесінде Төле би, Қапал батыр, Ақназар хан, Анаров көшелерінде көлік тығындары азайды.
Нысан жұмыстарына «Береке А» ЖШС мердігерлік етсе, техникалық қадағалаушы болып «ЕрГарантСтрой» ЖШС, ал жобалаушы мекеме ретінде “Алматы Жоба” ЖШС мекемесі құрылыс жүргізді. Қайта құру кезінде 100-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Шымкенттегі жаңа көпір ресми ашылды

Жалпы, облыс бойынша жыл басынан бері ұзындығы 800 шақырым болатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдары және елдімекен көшелеріне күрделі және орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Салаға жауапты мамандардың айтуынша, жоғарыда аталған барлық көпірлер мен 665 шақырым жол (282 нысан) жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Оның ішінде, 17 көпір де бар.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz