//
Шымкенттің өрендері "Бала дауысы" конкурсында 1-орын алды Жаңалықтар 

Шымкенттің өрендері “Бала дауысы” конкурсында 1-орын алды

Алматыда 12-13 қараша күндері “Бала дауысы” республикалық конкурсы өтті. Алғаш рет өткізілген ұлттық балалар ән байқауының ұйымдастырушысы – Әлия Назарбаеваның жеке қоры.

Шымкенттің өрендері "Бала дауысы" конкурсында 1-орын алды

Бір ай бойы алдын ала 14 өңірде және екі орталық қалаларда іріктелген талантты ұл-қыздар дайындықтан өтіп, ақтық сынға қатысты. Конкурстың бас жүлдесін павлодарлық дуэт еншілесе, 1 орынды шымкенттік үш оқушыдан құрылған трио жеңіп алды.

Садраддин, Мағжан, Диас есімді ұлдар – қаладағы Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназия-мектебінің өнерлі балалары. Олар Оңтүстіктің намысын қорғады. Ақтық сайыста әнші өрендерге облыс тұрғындары дауыс беріп, қолдады. Шынайы ықыласымен дауыс берген баршаңызға балалардың ата-аналары, тәлімгерлері алғыс айтады! Ал біз балалардың талабына нұр жаусын, үлкен сахнаны ары қарай да бағындырсын деп тілейміз. “Бала дауысы” конкурсы енді жыл сайын өтіп тұрады деп шешілді.

Зәуре Оралбаева

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz