Шымкенттің жас өрендеріне жағдай жасалды

Шымкенттің жас өрендеріне жағдай жасалып отыр. Жеткіншектердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізу үшін арнайы үш қабатты ғимарат берілді. Бұрын қаладағы оқу өндірістік комбинаты болып жұмыс істеген мекеме қазір «Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы» аталады. Мұнда 40-тан астам үйірме бар. Мұндағы мамандар мектеп жасындағы кез келген оқушының кәсіптік бағдарын айқындауына көңіл бөліп қана қоймай, денсаулығын нығайтуды да көздейді.

Шымкенттің жас өрендеріне жағдай жасалды

Әліби Жангелдин көшесінде орналасқан бұл мекеме 1976 жылдан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Мұнда қырыққа жуық үйірме бар. Осы үйірмеде қала мектептерінің 4 мыңнан астам оқушысы өз мүмкіндіктерін ашуда. Кәсіби білім алып, белгілі бір мамандықтың қыр-сырын үйренген жас арнайы сертификатқа да ие болады.

Бақытжан Мұстафаев, директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары: «Желтоқсанның бірінші күнінен бастап барлық қала мектептерінің оқушыларын осы мекемеге жинастыруға мүмкіндігіміз бар. Өйткені бұрын мұндай үйірмелер мектептің ішінде болатын. Ал енді 40-қа жуық үйірмеге балалар осында келіп қатыса алады. Қазір жөндеу жұмыстарын жасап жатырмыз. Үйірмелерге 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқушылар қатыса алады. Олар міндетті түрде туу куәлігін, денсаулығы туралы анықтама және ата-анасының өтінішін алып келуі тиіс.»

Шымкенттің жас өрендеріне жағдай жасалды

Мұнда тұрмысы төмен отбасы балаларының да жағдайы қарастырылған. Олар ыстық тамақпен тегін қамтылады. Қыздар киім тігудің шеберлігіне машықтанса, ұл балалар ағаш ұсталығын үйренеді. Компьютер мен тіл үйренушілердің де курсы бар.

Шымкенттің жас өрендеріне жағдай жасалды

Сондай-ақ, балалар спорттың 15 түрімен де шұғылдана алады. Ең бастысы — барлығы тегін. Сондықтан жастардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы іске жұмсайтын мұндай орталықтың бүгінде пайдасы зор дейді ата-аналар.

Базарайым Қалыбекова, қала тұрғыны: «Ұзақ уақыт бойы өзімізге ыңғайлы каратэ спорт үйірмесін іздедік. Қазір осы «Жастардың уақытын тиімді ұйымдастру орталығына» келіп, бірнеше үйірмеге қатысып жүрміз. Ең бастысы — тегін. Мұнда сауатты ұстаздар мен кәсіпқой жаттықтырушылар үйретеді. Біз қуаныштымыз.»

Шымкенттің жас өрендеріне жағдай жасалды

Дегенмен, үш қабатты ғимарат толықтай осы орталықтың меншігіне берілгенімен, қазір білім ұясы қосымша балаларды қабылдай алмай отыр. Өйткені бұрын білім бөлімі қызметкерлері отырған мекемені жөндеу қажет. Ал үйірмеге қызығушылар саны көбейе бастаған соң орталықтың қызметкерлеріне әзірге ғимаратты жамап-жасқап тұруға тура келеді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР