//
Созақта мал ұрылары ұсталды Оқыс оқиға 

Созақта мал ұрылары ұсталды

Оңтүстіктің полицейлері мал ұрлығымен айналысып келген топтың жолын кесті. Жедел іздестіру кезінде екі адамды қолға түсті. 28 және 30 жастағы жігіттер жүк көлігіне 7 бас малды тиеп алып, түн ішінде суыт кетіп бара жатқан жерінен ұсталған.

Созақта мал ұрылары ұсталды
Ұрланған мал

Тексеру кезінде малдың құжаты жоқ болып шықты. Тергеушілердің анықтағаны, күдіктілер малды Созақ ауданынан ұрлап шыққан екен.

Кейіннен тергеу кезінде бұл күдіктілердің тағы 5 ұрлыққа қатысы бер екені анықталды. Осылайша шаруаларға миллион теңгеден астам шығын келіпті.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz