Сыбайлас жемқорлықпен күресушілер тілшілер және мәдениет өкілдерімен бірге жұмыс жасайды

Оңтүстіктегі жемқорлықпен күресушілер тілшілер және мәдениет өкілдерімен ашық әңгіме өткізді. Жиынның басты тақырыбы — сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу болатын. Бір жыл бұрын тиісті келісімге қол қойған тараптар жұмыс нәтижесін қорытындылады.

Еліміздің дамуына тежеу болатын негізгі факторлардың бірі жемқорлық екені белгілі. Жауапты мамандар осы келеңсіздікпен күресуде қолдан келгенді жасауда. Соның бірі — мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің жаңа басшысы облысымыздағы БАҚ өкілдерімен кездесті. Жиынды алғы сөзбен ашқан Әли Амантайұлы аталмыш мақсатта ақпарат қызметкерлерімен бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Сыбайлас жемқорлықпен күресушілер тілшілер және мәдениет өкілдерімен бірге жұмыс жасайды

Әли Көмекбаев, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы: «Егер дамыған елдерді алатын болсақ, олар сол дәрежеге, жемқорлықты азайтута қоғамның белсенді қатысуымен жеткен. Мұндай жиынның пайдасы мол, бүгіннің өзінде мыңға жуық ұйым, жеке тұлға осы іске атсалысты. Бір ғана көрсеткіш осы.»

Кездесуде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2017 жылға арналған жобалары талқыланды. Әлеуметтік бейнероликтер мен мақалалар жазу ұсыныстары айтылды. Қатысушылар өз ойларын ашық айтып, іс-шара пікірталасқа ұласты.

Асылхан Темірханұлы, ОҚО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары: «Бүгінгі мәжіліс өте керек деп ойлаймын. Болашақ ұрпақты тәрбиелейтін бірден-бір жиналыс болды. Осы бағытта біз жұмыс жасамақпыз. Қазір сегіз тетрға тапсырма бергелі отырмыз, әр театр жемқорлықтың бағыты бойынша 10-15 минуттық қысқаша қойылымдар қояды.»

Кездесуде ақпарат таратушылардың қоғамның осы дертімен күрес барысында атқарар қызметі орасан зор екенін жеткізген департамент басшысы телеарна басшыларына алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

Әли Көмекбаев, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы: «Отырар» телеарнасынан алғысымды білдіргім келеді, арна ұжымы сегіз этикалық бейнетүсірілім шығарып, осы ортақ іске көп үлесін қосты. Телеарна басшысы Валентина Куприяновнаға алғысым білдіремін. Әрі қарай да бірге жұмыс жасаймыз деп сенемін!»

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР