Тұрақтандыру қорының азық-түлігі жәрмеңкеде сатылады

278
Тұрақтандыру қорының азық-түлігі 1 қарашадан сатыла бастайды

Тұрақтандыру қорының азық-түлігі 1 қарашадан сатыла бастайдыОблыс әкімдігі жанындағы тұрақтандыру қорының азық-түлігі бұрынғыдай базарлар мен сауда орындарында емес, демалыс күндері ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде сатылады. Әлеуметтік тауарлар осы сенбіден бастап Мәделі қожа көшесі бойындағы стадионның жанында сатылуға шығады.

Сондай-ақ, тұрақтандыру қорының өнімдері жексенбі күні Арғынбеков көшесінің бойындағы «Рахима Плаза» сауда орталығының алдында сатылады. Ал облыстың тұрғындарының әлеуметтік бағадағы өнімдерді аудан орталықтарында ұйымдастырылатын жәрмеңкелерінде сатып алуға мүмкіндіктері бар.