You are here
"Жұлдызды 25 күн" акциясының төртінші күні мемлекеттік тілге арналды Жаңалықтар 

“Жұлдызды 25 күн” акциясының төртінші күні мемлекеттік тілге арналды

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған “Жұлдызды 25 күн” акциясының басталғанына бүгін төртінші күн. Осыған орай «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі” шарасы бүгін мемлекеттік тілге арналды. Облыстық опера және балет театрында “Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі!” атты форум ұйымдастырылды. “Тілге құрмет – елге құрмет” деген ұранды ұстанған жастар мен ел ағалары бас қосты.

"Жұлдызды 25 күн" акциясының төртінші күні мемлекеттік тілге арналды

Қазақ тілі 25 жылдың ішінде қиын да сындарлы жолдардан сүрінбей өтіп, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Бүгінде барлық салада қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейді. Бұған қоса қазақ тілін менің тілім деп ұғынған өзге ұлт өкілдері де жетерлік. Олар, мәселен, Оңтүстікте де аз емес. Бұл – біздің елге, тілге деген құрметіміз дейді түрлі этнос өкілдері.

"Жұлдызды 25 күн" акциясының төртінші күні мемлекеттік тілге арналды

Іс-шара аясында қазақ тілін игеріп, түрлі байқаулардың жеңімпазы атанғандар да назардан тыс қалмады. Мемлекеттік тілді БАҚ арқылы насихаттаған мекеме мамандары мен оның қолдану аясын кеңейтіп, мәртебесін көтеруге үлес қосқан өзге ұлт өкілдері марапатталды. Ауқымды іс-шара соңында мемлекеттік тілдің қамы үшін әзілге құралған қойылымдар мен қыз бен жігіттің айтысы, этнос арасындағы татулықты дәріптейтін әндер шырқалды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz