Жұлдызды 25 күн – азаматтық қоғам күні

305
Жұлдызды 25 күн - азаматтық қоғам күні

Облыста «Жұлдызды 25 күн» іс-шаралар жоспары үкіметтік емес ұйым және БАҚ өкілдерін құттықтаумен жалғасты. Жергілікті билік өкілдері азаматтық қоғам күніне орай тәуелсіздік жылдары ел дамуына үлес қосқан белсенділерге алғыс білдірді.

Жұлдызды 25 күн - азаматтық қоғам күні

Облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков бастаған топ алдымен өңірде «Азаматтық альянс» қауымдастығының негізін қалаушы Клара Әліпованы арнайы құттықтады. Бүгінде мекеме облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың басын қосып, әлеуметтік маңызды жобаларды іске асырып келеді. Бұл күш бүгінде бизнес қауымдастығымен қоян-қолтық әріптестік орнатып, мәдени, қайырымдылық шаралардың басы-қасынан табылуда.

Жұлдызды 25 күн - азаматтық қоғам күні

Бастамашыл топ өңірдің журналистика саласында жемісті 18 жыл еңбек еткен Юрий Кирюхиннің үйіне де ат басын бұрды. Көптеген қоғамдық іс-шаралардың бастамашысы болған ардагер тілшіге сый-сыяпат көрсетілді.

Жұлдызды 25 күн - азаматтық қоғам күні

Еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған Юрий Григорьевич облыстық «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси газетін 18 жыл басқарып, соңғы жылдары облыстық славян мәдени орталығының төрағасы болған. Оншақты жылдан бері осы орталық төрағасының орынбасары қызметін абыройлы атқарып келеді. Юрий Кирюхинді жұртшылық «Қазақ романсиадасы» халықаралық байқауының негізін қалаушылардың бірі ретінде де таниды.