Жансейіт Түймебаев Оңтүстіктегі жастардың жұмысын жақсы бағалады

241
Жансейіт Түймебаев Оңтүстіктегі жастардың жұмысын жақсы бағалады

Жансейіт Түймебаев Оңтүстіктегі жастар саясаты жұмысын жақсы бағалады. Осыған орай облыс әкімі өңіріміздің жастарын «болашақтың қозғалтқыштары» деп атады. Әзірге бұл жастардың алдында оқу міндеті тұр. Халыққа қызмет жасап, еңбек ету – одан кейінгі мақсат.

Жансейіт Түймебаев Оңтүстіктегі жастардың жұмысын жақсы бағалады

Таяуда өткен «Болашағы жарқын Оңтүстік жастары» жастар форумына облыс әкімі де қатысқан еді. Жиынның басты тақырыбы жастардың жұмыспен қамтылуы болды. Жансейіт Қансейітұлы оқуын аяқтаған жас мамандарды тек өзге елдерге ғана емес, мүмкіндігінше өзге өңірлерге де жібермеу керек дейді. Сол үшін облыс әкімі жастар саясаты басқармасына осы сұраққа баса назар аударып, жастардың жұмыспен қамтылу мәселесін өз орнында шешуді тапсырды.

Жансейіт Түймебаев, ОҚО әкімі: «Жастар – елдің болашағы! Ленин «Оқы, оқы және оқы» деп айтқандай, әрқашан білім алуға шақырамын. Маған Ресейде білім алуға бола ма деген сұрақ түсті – неге олай етпеске? Біз тек Ресейге ғана емес, Түркияға да оқуға жібере аламыз. Ең бастысы, білім алып келіп, елімізге қызмет етсе, болғаны! Мен жастар саясаты басқармасының жұмысын көріп келдім, жұмыс қызып жатыр, жастар бір орында отырған жоқ. Басқарма басшысына алғыс айта отырып, осы жетістікпен шектеліп қалмауды тапсырамын. Ең бастысы – жастарға жағдай жасау. Ал олар – еліміздің болашағы!»

Аймақ басшысы осы жиында жастар саясаты басқармасы басшысының 2016 жылы атқарылған жұмысы жөніндегі есебін де қабылдады. Жастардың өздері биыл өңіріміз үшін аса маңызды болды деп санайды. Биыл жастардың ауқымды форумдары өтіп, көптеген қоғамдық мекемелер құрылып отыр. Енді олардың жұмысының тиімділігін уақыт көрсетеді. Осы орайда облыс әкімі жастар саясаты басқармасының жұмысын өзге де ведомстволарға үлгі етіп, көптеген шенеуніктерді тиімді жұмыс атқаруға шақырды.