Жергілікті су шаруашылығы мамандары жасыл экономика бағдарламасын іске асыруда

Жергілікті су шаруашылығы мамандары жасыл экономика бағдарламасын іске асырудаЖергілікті су шаруашылығы мамандары жасыл экономика бағдарламасын іске асырып, шығындарын азайтуда. Бүгін мекемеде өткен дөңгелек үстелде «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің осы бағыттағы жобалары таныстырылды.

Сала мамандарының сөзіне сенсек, жаңартылған энергия көздерін енгізу арқасында серіктестік ысыраптарын едәуір азайтқан. Бұл өз кезегінде тұтынушылар төлемін де кемітеді. Жаңарту аясында халық тиісті төлемдерді аз төлеп, тіпті, басы артық шығындардан құтылуда.

Салада кәріз құбырынан шыққан қалдықтар да қайта өңделе бастады. Жуырда баламалы энергия көзін өндірудің тың жобасы қолға алынған болатын. Мұндай әдіс Еуропа елдерінде әлдеқашан іске асқан. Мамандар тың тәсілдің қыр-сырын әбден меңгеріп, мейлінше пайдалануға бет бұрып отыр. Жаңа бастама электр энергиясына қол жеткізіп қана қоймай, көгілдір отын алуға да мүмкіндік береді екен.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР