Қарабұлақ тұрғындары өз үздіктерін марапаттады

Сайрам ауданы Қарабұлақ ауыл округінің тұрғындары да бүгін өз үздіктерін таңдады. Тәуелсіздік алған 25 жыл ішіндегі ерен еңбегімен еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтарды аудан әкімі құттықтады. 40 мыңға жуық тұрғыны бар ауылда қайырымдылықпен айналысып жүрген жандардың еңбегі бұл күні елеусіз қалмады. Аудан әкімі оларды құттықтап, төсбелгі тақты.

Қарабұлақ тұрғындары өз үздіктерін марапаттады

Мұндай мереке Қарабұлақ ауылында дәстүрге айналған. Жылда үздіктер марапатталады. Ал биылғы аты аталғандардың ішіндегі ең жасы — Қарабұлақ орта мектебінің 11 сынып оқушысы Ынтызар Сандикаримова. АҚШ-та «FLEX» бағдарламасымен бір жыл оқып келген бойжеткен енді өзі ауыл балаларына ағылшын тілін тегін үйретіп жүр.

Ынтызар Сандикаримова, Қарабұлақ ауыл округінің тұрғыны: «Бұл марапат тек жақсы оқығаным үшін емес, қоғамдық жұмыстар атқарғаным үшін берілді деп ойлаймын. Көп оқушыларға тегін тіл үйретемін. Оқудан тыс жаһандық тестерге дайындап, үйретемін.»

Бұл күні білім беру, медицина, ауыл шаруашылығымен қатар ауылдың өсіп-өркендеуіне үлес қосқан жомарт жандар да марапатталды. Аудан әкімі Самат Айдарханұлы оларды құттықтап, «Өз ісінің шебері» төсбелгісін тақты.

Самат Сапарбаев, Сайрам ауданының әкімі: «Қарабұлақ ауылында көптеген істер атқарылды. Ұлтық қордың қаржысынан екі мектеп салынып, пайдалануға берілді.»

40 мыңға жуық тұрғыны бар Қарабұлақ ауылында алдағы жылға қойған жоспар көп. Халыққа қажетті әлеуметтік нысандар салу, инфрақұрылымды жақсарту секілді мәселелерді билік халықпен бірге шешуге дайын.

Айгүл Керімқұлова

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР