Қысқы Универсиадаға Оңтүстіктен 5 спортшы қатысады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен бүкіләлемдік Алматы – 2017 қысқы Универсиадасының Шымкентте жағылатын алау эстафетасын ұйымдастыру және өткізу бойынша өңірлік штабтың мәжілісі өтті.

Қысқы Универсиадаға Оңтүстіктен 5 спортшы қатысады

Аталған шараның дайындық барысын дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев баяндады. Оның айтуынша, халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) аясында өтетін спорттық сайысқа 17-28 жас аралығындағы студенттер, магистранттар мен түлектер жіберіледі. 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны күндері аралығында өтетін 28-дүниежүзілік Алматы-2017 қысқы Универсиадасына 2000 спортшы, 3000 ерікті, 30 мың шетелдік қонақ пен турист қатысады деп күтілуде.

Халықаралық додада 55 елдің жастары қысқы спорттың 12 түрі (биатлон, тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, шаңғымен трамплиннен секіру, коньки тебу, мәнерлеп сырғанау, керлинг, сноуборд, фристайл, шайбалы хоккей, шорт-трек) бойынша бақ сынайды. Олар 8 спорт нысанында – «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты, «Медеу» биік таулы спорт кешені, «Сұңқар» шаңғы трамплині халықаралық кешені, Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, «Алатау» шаңғы және биатлон стадиондарының кешені, «Табаған» ойын-сауық кешені, «Алматы — Арена» мұз сарайы мен «Халық Арена» мұз аренасында өнер көрсетеді.

Қысқы Универсиадаға Оңтүстіктен 5 спортшы қатысады

Бұл жарыста Оңтүстік Қазақстан облысынан Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева, Дархан Мұхамеджанов, Бағлан Іңкәрбек, Жібек Арапбаева ел намысын қорғамақ. Бес спортшы да фристайл бойынша бәсекеге түседі.

Ал алау эстафетасы 28 қаңтарда Шымкенттің Әл-Фараби алаңында жағылады. Оны қаланың орталық көшелерімен алып жүріп, Наурыз алаңына жеткізу рәсіміне 60 алаугер қатысады.

Облыс басшысы аталған спорттық шараның маңыздылығына баса мән беріп, оның жоғары дәрежеде өтуіне баршамыз атсалуымыз қажет деді. Қала әкімінің орынбасары мен тиісті облыстық басқармалар басшыларын тыңдап, дайындықты күшейтуді тапсырды.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР