Қайнарбұлаққа су келді

348
Қайнарбұлаққа су келді

Жаңа жыл қарсаңындағы жақсы жаңалық. Қайнарбұлақ саяжайының тұрғындарына таза ауызсу берілді. Осыдан екі жыл бұрын басталған су құбырын тарту жұмысы аяқталды. Нәтижесінде 6500-ден астам тұрғын тіршілік нәрі 24 сағат пайдалануға қол жеткізіп отыр.

Қайнарбұлаққа су келді

«Строй жол сервис» серіктестігі су құбырын тарту жұмысын 2014 жылы бастаған. Құрылыс жобасы бойынша 366 шақырым құбыр тартылды. Бүгінде осы құбырлар арқылы 300-ден астам отбасына таза су берілді.

Бұған дейін ауыл халқы тіршілік нәрін жер асты ұңғымасынан пайдаланып келіпті. Бес баланың анасы Нәзира Жұбанова ауласына су келіп, бірінші кезекті су таситын бала-шағының қуанышында шек болмады дейді.

Енді бір жетіде Қайнарбұлақ саяжайының тұрғындары толығымен суға қосылады. Десе де ауыл халқының айтар талаптары да баршылық. Олар бұзылған жол қалпына келтірілсе дейді.

Нұрлан Жаңабай